Марапаттау рәсімі бүгін, 26 қазанда, Лондондағы «Палладиум» театрында өтеді
АҚШ-тың «Интер Майами» клубында өнер көрсететін Лионель Месси 2026 жылғы «Алтын доп» марапаттау рәсіміне бармайды. Бұл туралы TheTouchline басылымы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
Марапаттау рәсімі бүгін, 26 қазанда, Лондондағы «Палладиум» театрында өтеді. 70-рет ұйымдастырылатын салтанатты кеште 2025/2026 жылғы маусымның үздік футболшылары анықталады.
Биылғы рәсім тарихта алғаш рет Франциядан тыс жерде өтеді. Лондонның таңдалуына марапат тарихы да әсер еткен. 1956 жылы «Алтын доптың» алғашқы иегері ағылшын футболшысы Стэнли Мэттьюс болған.
Ерлер арасындағы басты жүлдеге 30 футболшы үміткер. Олардың қатарында «Бавария» шабуылшысы Гарри Кейн, «Барселона» ойыншысы Ламин Ямаль, мадридтік «Реалдың» форварды Килиан Мбаппе, ПСЖ өкілі Усман Дембеле және Лионель Месси бар.
Жеңімпазды ФИФА рейтингіндегі үздік 100 елдің әрқайсысынан бір-бірден қатысатын футбол журналистерінен құралған халықаралық қазылар алқасы анықтайды.