Олардың қатарында Покатиловтың комадасы «Сабах» та бар
Ел чемпионы атанған «Ордабасы» футбол клубы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсететіні белгілі. Football Meets Data сайтының мәліметінше, шымкенттік команданың ұпайы аз болғандықтан, жарысты бірінші раундтан бастайды.
Дереккөздің жазуынша, «Ордабасының» қазіргі клубтық коэффиценті 4500 ұпайды құрайды.
Осылайша, шымкенттік клубтың кездесуі мүмкін командалардың да тізімі белгілі болып отыр. Олардың қатарында исландиялық «Викингур» (коэффициенті – 14,250), босниялық «Борац» (14,125), әзербайжандық «Сабах» (14,000), молдавалық «Шериф» (13,000), гибралтарлық «Линкольн Ред Импс» (13,500) және румыниялық «Университатя Крайова» (12,000) клубтары бар.
Жеребе тарту рәсімі 2027 жылдың маусым айында болады. Ал, іріктеу кезеңінің алғашқы ойындары шілдеге жоспарланған.
Еске салайық, «Ордабасы» биыл тарихында екінші рет Қазақстан чемпионы атанды. Чемпионаттың аяқталуына бір тур қалғанда екінші орындағы «Қайрат» «Ақтөбемен» тең ойнап, шымкенттік команданы қуып жету мүмкіндігінен айрылды.