«Өте талантты спортшы»: Сәуле Рабаева Шерхан Қалмырзаның әкесі туралы айтты

Сондай-ақ футболшы әкесінің отбасымен де жақсы қарым-қатынаста

әлеуметтік желі
әлеуметтік желі

«Қайрат» клубының жас қақпашысы Шерхан Қалмырзаның анасы Сәуле Рабаева NTK арнасына берген сұхбатында ұлының әкесі туралы айтып, олардың қарым-қатынасына тоқталды.

Оның айтуынша, Шерханның әкесі талантты спортшы болған. Екеуі әлі күнге дейін араласып тұрады. Сондай-ақ футболшы әкесінің отбасымен де жақсы қарым-қатынаста.

«Шерханның әкесі өте талантты спортшы. Мен 18-де, ол кісі 19 жаста болған. Әлі күнге дейін араласып тұрамыз. Оның өз отбасы бар, Шерхан да әкесінің отбасымен өте жақсы араласады. Сондықтан мен тек алғыс айтамын», – деді Сәуле Рабаева.

Желіде тараған мәліметке сәйкес, футболшының әкесі – Эльдар Абдрагимов. Ол бұрын бокспен айналысып, жасөспірімдер арасында халықаралық жарыстарда жетістікке жеткені айтылып жүр. Сондай-ақ оның Жамбыл облысы, Жуалы ауданының тумасы екені туралы мәлімет бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам