Ғалымжан Кенжебек пен Максим Самородовтың клубына жаңа бапкер келді

«Ахматты» жаттықтырған Станислав Черчесов қызметінен кетті

ФК "Ахмат"
ФК "Ахмат"

Қазақстандық футболшылар Ғалымжан Кенжебек пен Максим Самородов өнер көрсететін «Ахмат» клубының жаңа бас бапкері белгілі болды. Грозныйлық команданы бұдан былай Ролан Гусев жаттықтырады, деп хабарлайды Tengri Sport клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін «Ахматты» жаттықтырған Станислав Черчесов қызметінен кетті. Клуб пен маман еңбек келісімшартын өзара келісім бойынша бұзғанын мәлімдеді. Черчесов команда тізгінін 2025 жылдың тамызында қолға алған еді.

Ролан Гусев – Ресейдің үш дүркін чемпионы, ЦСКА сапында УЕФА кубогын жеңіп алған футболшы. Ол жаттықтырушылық мансабын 2019 жылы ЦСКА академиясында бастаған. Кейін Ресейдің U-15 және U-16 жасөспірімдер құрамаларын, сондай-ақ ЦСКА жастар командасын басқарды.

2023 жылдың жазында Мәскеудің «Динамо» клубының жаттықтырушылар штабына қосылған Гусев 2025 жылдың желтоқсанында бас бапкер болып тағайындалды. Оның жетекшілігімен команда 24 матч өткізіп, 12 рет жеңіске жетті, бес кездесуде тең түсіп, жеті рет жеңілді.

2025/2026 жылғы маусымда «Динамо» Ресей кубогының РПЛ жолының финалына дейін жетіп, «Краснодардан» пенальти сериясында жеңілді. Ал Гусев 2026 жылдың наурыз айында Ресей Премьер-лигасының үздік бапкері атанды.

Айта кетейік, «Ахмат» биылғы маусымда 13 матчтан кейін екі жеңіс, бес тең ойын және алты жеңіліс тіркеп, Ресей чемпионатының турнирлік кестесінде 15-орында тұр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам