Қазақстан. Премьер-лига. 23-тур.
«Ақтөбе» (Ақтөбе) – «Ордабасы» (Шымкент). 17 қазан, 19:00 (Астана уақытымен)
Сенбі күні кешке қазақстандық футбол жанкүйерлерінің назары Ақтөбедегі кездесуге ауады. Жергілікті «Ақтөбе» өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» командасын қабылдайды.
Olimpbet сарапшылары бұл кездесуде оңтүстікқазақстандық клубқа басымдық береді. «Ордабасы» сырт алаңда ойнайтынына қарамастан, фаворит саналады.
Турнирлік жағдай
Негізі 23-тур тамыз айында өтуі тиіс еді. Алайда Құрылтай сайлауына байланысты кейінге шегерілді.
Бір қызығы, дәл осы турдың қорытындысы бойынша ҚПЛ-2026 чемпионы анықталуы мүмкін. Егер «Ордабасы» сырт алаңда «Ақтөбені» жеңіп, бір күннен кейін «Қайрат» өз алаңында Павлодардың «Ертісінен» ұтылса, шымкенттік клуб чемпиондық атақты мерзімінен бұрын қамтамасыз етеді.
Ал «қызыл-ақтар» чемпиондыққа таласу мүмкіндігін әлдеқашан жоғалтқан. Дегенмен олар турнир кестесіндегі төртінші орын үшін күресті жалғастырып жатыр. Бұл орынның еурокубокқа жолдама беру ықтималдығы жоғары. Ол үшін Қазақстан кубогының финалында «Ордабасы» Премьер-лигадағы орнын сақтап қалуға тырысып жүрген «Қайсарды» жеңуі қажет.
Сонымен қатар ақтөбеліктер қола жүлдеден де әлі үміт үзген жоқ.
Қысқасы, екі команданың да бұл кездесуде таласатын мақсаты бар. Сондықтан «Ақтөбе» мен «Ордабасы» үшін алдағы ойынның турнирлік маңызы өте жоғары.
Соңғы матчтар
Екі команда да жақсы қарқын алып келеді.
Игорь Черевченко шәкірттері бір апта бұрын Конференция лигасының жолдамасы үшін күрестегі тікелей бәсекелесі «Елімайды» Семейде 3:1 есебімен сенімді түрде жеңді.
Ал Андрей Мартин жаттықтыратын «Ордабасы» чемпионаттағы соңғы екі кездесуінде ірі есеппен жеңіске жетті. Шымкенттіктер сырт алаңда «Атырауды» 3:0, «Қайсарды» 4:1 есебімен ұтты.
Өзара кездесулер тарихы
Ал екі команданың өзара кездесулер статистикасында «Ақтөбенің» басымдығы айқын байқалады. Осы уақытқа дейін өткен 77 матчтың 33-інде «қызыл-ақтар» жеңіске жеткен. «Ордабасы» 16 рет басым түссе, қалған 28 кездесу тең аяқталған. Дегенмен ақтөбеліктер екі жылдан астам уақыт бойы шымкенттік клубты жеңе алмай келеді.
Ал биылғы Премьер-лиганың бірінші айналымындағы кездесуде «Ордабасы» өз алаңында «Ақтөбені» 2:0 есебімен сенімді түрде ұтқан болатын.
Қорытынды
Olimpbet сарапшылары екі команда да негізгі назарды қорғанысқа аударады деп есептейді. Сондықтан қарсыластардың бір голдан артық соғуы екіталай деген пікірде.
Сонымен қатар сарапшылар кездесудегі алғашқы голды «Ордабасы» футболшылары соғуы мүмкін екенін айтады. Олардың болжамынша, шымкенттіктер бірінші тайм аяқталғанға дейін есеп ашуы ықтимал.

«Жетісу» (Талдықорған) – «Қайсар» (Қызылорда). 17 қазан, 16:00
Талдықорғанда жергілікті «Жетісу» Қызылорданың «Қайсар» командасын қабылдайды.
Турнир кестесінің төменгі бөлігінде орналасқан екі клубтың кездесуінде Olimpbet сарапшылары айқын фаворитті бөліп көрсете алмай отыр. Олардың пікірінше, екі команданың да оң нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі шамалас.
Турнирлік жағдай
Екі команданың да турнирлік жағдайы мәз емес. Екеуі де жоғары дивизионнан шығып қалу аймағында орналасқан. «Жетісу» турнир кестесінің соңғы сатысында тұрса, «дала қасқырлары» бір орын жоғары, яғни 15-сатыға жайғасқан.
Алайда «Қайсардың» небәрі екі ұпай артықшылығы бар. Сондықтан «Жетісу» өз алаңында жеңіске жетсе, қызылордалықтарды турнир кестесінде басып озады. Ал тең нәтиже екі тарапқа да тиімді емес. Өйткені мұндай жағдайда командалар қазіргі орындарында қала береді.
Соңғы матчтар
«Жетісу» қатарынан үш кездесуде жеңіліс тапты. Дегенмен Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері осы ойындардың барлығында қарсыластарына небәрі бір гол айырмасымен жол берді.
Талдықорғандықтар «Елімайдан» 1:2, «Каспийден» 0:1 және «Қайраттан» 0:1 есебімен ұтылды.
Ал «Қайсар» Премьер-лиганың алдыңғы үш турында төрт ұпай жинады. Қызылордалықтар «Атырауды» 1:0 есебімен жеңіп, «Қызылжармен» 1:1 есебімен тең түсті.
Алайда соңғы кездесуінде «дала қасқырлары» өз алаңында чемпионат көшбасшысы «Ордабасыдан» 1:4 есебімен ойсырай жеңілді.
Өзара кездесулер тарихы
Екі команданың өзара ойындар статистикасында «Жетісудың» аздаған басымдығы бар. Талдықорғандықтар 23 кездесуде жеңіске жетіп, 19 рет жеңілген. Тағы 15 матч тең аяқталған. Алайда «Жетісу» төрт жылдан астам уақыт бойы «Қайсарды» жеңе алмай келеді.
Соңғы рет талдықорғандықтар қызылордалықтардан 2022 жылдың шілде айында басым түскен. Ол кезде екі клуб та Бірінші лигада өнер көрсеткен болатын. Содан бері өткен сегіз кездесуде «Жетісу» екі рет жеңіліп, алты рет тең ойнады.
Бір қызығы, талдықорғандықтар екі жеңілістің екеуін де өз алаңында қабылдаған.
Қорытынды
Olimpbet сарапшылары Талдықорғандағы кездесудің аса нәтижелі болатынына күмәнмен қарайды. Олардың пікірінше, екі команда да сақ ойнап, гол соғу мүмкіндіктері аз болуы ықтимал.
Сонымен қатар6 сарапшылар бұл кездесуде гол тіркелсе, оның екінші таймда соғылу ықтималдығы жоғары деп есептейді.