Біріне «қола», екіншісіне төменгі лига: ҚПЛ-дың соңғы турына талдау

Қазан айының соңғы күні футболдан Қазақстанның жоғары дивизионы командалары арасындағы 35-ші ел чемпионаты мәресіне жетеді

Olimpbet
Olimpbet

Қазақстан. Премьер-лига. 30-тур.
«Жетісу» (Талдықорған) – «Астана» (Астана). 31 қазан, 15:00 (Астана уақытымен)

Қазан айының соңғы күні футболдан Қазақстанның жоғары дивизионы командалары арасындағы 35-ші ел чемпионаты мәресіне жетеді.

Қазақстан Премьер-лигасының соңғы турындағы барлық матч бір уақытта басталады. Ал олардың ішіндегі ең маңызды кездесулердің бірінде қола жүлдегердің тағдыры да, Премьер-лигамен қоштасатын командалардың бірі де анықталуы мүмкін.

Әңгіме Талдықорғанда өтетін «Жетісу» мен елордалық «Астана» арасындағы кездесу туралы болып отыр. Olimpbet сарапшылары бұл ойында қонақтарды айқын фаворит санайды. Олардың пікірінше, «Астананың» жеңіске жету мүмкіндігі алаң иелеріне қарағанда шамамен үш есе жоғары.

Турнирлік жағдай

«Жетісу» маусым соңында өзін аса қиын жағдайға қалдырды. Соңғы тур қарсаңында талдықорғандықтар турнир кестесінде 15-орында тұр. Бұл — Премьер-лигадан шығып қалу аймағы. Жоғары дивизиондағы орнын сақтап қалудан үміттену үшін «Жетісу» Қазақстанның жеті дүркін чемпионы «Астананы» міндетті түрде жеңуі керек.

Алайда елордалық команданы ұтқан күннің өзінде талдықорғандықтардың келесі маусымда ҚПЛ-да қалатынына кепілдік жоқ. Ал тең нәтиже олардың Бірінші лигаға түсіп қалу ықтималдығын барынша арттырады. Жеңіліс туралы айтудың өзі артық.

Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері үшін жағдайды қиындатып тұрған тағы бір жайт бар. «Астана» Талдықорғанға үлкен мақсатпен келеді. Елордалық клуб әлі үшінші орынды толық қамтамасыз еткен жоқ. Егер жеңіліп қалса, жүлдегерлер қатарынан ғана емес, еурокубок жолдамасынан да айырылуы мүмкін.

Соңғы матчтар

«Жетісу» алдыңғы екі турда төрт ұпай жинады. Алдымен «Қайсарды» 2:1 есебімен жеңіп, кейін «Тобылмен» 1:1 есебімен тең түсті. Алайда бұл нәтижелер жетісулықтарға қауіпті аймақтан шығуға жеткіліксіз болды.

Ал «Астана» соңғы екі кездесуінде де жеңіске жете алмады. Елордалықтар «Каспиймен» 2:2, «Қайсармен» 0:0 есебімен тең ойнады. Соның салдарынан турнир кестесінде кейін келе жатқан «Оқжетпес» астаналықтарға барынша жақындады.

Өзара кездесулер тарихы

«Жетісу» футболшылары үшін «Астанамен» өткен ойындардың статистикасы көңіл көншітпейді. Екі команда арасындағы 41 кездесудің 27-сінде елордалық клуб жеңіске жеткен. Ал талдықорғандықтар небәрі сегіз рет басым түскен. Қалған алты матч тең аяқталған.

Оның үстіне «Астана» Қазақстан чемпионаты аясында «Жетісуға» қарсы өткізген соңғы 11 кездесудің барлығында жеңіске жетті.

Ал талдықорғандықтардың соңғы жеті жылдағы елордалық қарсыласынан алған жалғыз жеңісі 2024 жылы бір маусым ғана ұйымдастырылған Лига кубогында тіркелген.

Қорытынды

Olimpbet сарапшылары бұл кездесуде екі команданың да нәтижелі ойын көрсетіп, жанкүйерлерді бірнеше голмен қуанта алатынын жоққа шығармайды.

Дегенмен олар «Жетісудың» бір голдан артық соғуына күмәнмен қарайды. Ал «Астана» кемінде екі рет мергендік танытып, есепті бірінші тайм аяқталғанға дейін ашуы мүмкін деп есептейді.

«Тобыл» (Қостанай) – «Ақтөбе» (Ақтөбе). 31 қазан, 15:00

Атағына қарасақ, бұл 30-турдың басты кездесуі екені даусыз. Қостанайда Қазақстан футболындағы ең танымал клубтардың екеуі — «Тобыл» мен «Ақтөбе» кездеседі. Бұл командалар екеуі қосылып ел ішіндегі 19 жүлдені жеңіп алған.

Olimpbet сарапшылары бұл кездесуде алаң иелеріне басымдық береді. Олардың пікірінше, қостанайлықтардың қарсылас қақпасына кемінде екі гол соғуға мүмкіндігі бар.

Турнирлік жағдай

Жалпы алғанда, атақты екі клуб та биылғы маусымды сәтсіз өткізді. Екеуі де жүлдесіз қалды, тіпті еурокубок жолдамасына да қол жеткізе алмады.

Бұл ретте «Тобыл» жылды Қазақстан Суперкубогындағы жеңіспен бастағанын айта кеткен жөн. Ал «Ақтөбе» маусымаралық кезеңдегі ең үлкен трансферлердің бірін жүзеге асырып, португалиялық Луиш Нанимен келісімшарт жасасты.

Алайда соңғы турға келгенде екі команданың да турнирлік тұрғыдан шешетін мәселесі қалмады.

«Қызыл-ақтар» турнир кестесінде бесінші орында тұр және одан жоғары көтеріле алмайды. Ал «сары-жасылдар» «Ақтөбемен» өтетін кездесудің нәтижесіне қарамастан жетінші орында қалады.

Соңғы матчтар

«Ақтөбе» чемпионаттағы соңғы бес кездесудің тек екеуінде жеңіске жетті. Тағы екі ойында тең түсіп, бір рет жеңілді.

Маусымның шешуші кезеңіндегі осындай нәтижелер Игорь Черевченко шәкірттерін қола жүлдеге таласу мүмкіндігінен айырды. Тіпті халықаралық турнирге жолдама беруі ықтимал төртінші орынға көтерілу үміті де үзілді.

Дегенмен «қызыл-ақтардың» соңғы екі қарсыласы елдің ең мықты клубтары болғанын ескерген жөн. «Ақтөбе» өз алаңында «Ордабасыдан» 1:3 есебімен жеңіліп, «Қайратпен» 2:2 есебімен тең түсті.

Ал «Тобыл» соңғы бес кездесудің үшеуінде жеңіске жетті. Оның үстіне қостанайлықтар «Жеңіс», «Астана» және «Қайрат» секілді мықты қарсыластарды ұтты. Әсіресе Алматыда «Қайратты» 4:1 есебімен ойсырата жеңгенін атап өткен жөн.

Алайда өз алаңында «Елімайдан» 0:2 есебімен жеңілуі және сырт алаңда «Жетісумен» 1:1 есебімен тең түсуі қостанайлықтардың жетінші орыннан жоғары көтерілуіне мүмкіндік бермеді. Бұған ҚПЛ-2026 маусымының алғашқы айналымындағы сәтсіз ойындары да әсер етті.

Өзара кездесулер тарихы

Бір-біріне ежелден қарсылас саналатын бұл екі клубтың өзара ойындар статистикасы шамалас. «Тобыл» 29 кездесуде жеңіске жетсе, «Ақтөбе» 31 рет басым түскен. Ал 19 матчта командалар жеңімпазды анықтай алмаған. Алайда соңғы он кездесуді ғана есепке алсақ, басымдық «Тобыл» жағында.

2022 жылдың қазан айынан бері қостанайлықтар «қызыл-ақтарға» небәрі бір рет жеңілген. Өздері алты кездесуде жеңіске жетіп, тағы үш матчта тең түскен.

Бір қызығы, «Ақтөбенің» соңғы төрт маусымдағы жалғыз жеңісі дәл биылғы чемпионаттың бірінші айналымында тіркелді. Ол кездесуде ақтөбеліктер «Тобылды» 4:1 есебімен ойсырата жеңген болатын.

Қорытынды

Olimpbet сарапшылары қостанайлықтардың есесін қайтаруға тамаша мүмкіндігі бар деген пікірде.

Олардың болжамынша, «Тобыл» өз алаңындағы кездесуде есепті бірінші болып ашуы мүмкін. Оның үстіне бұл бірінші таймда-ақ орын алуы ықтимал.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам