«Реал Мадрид» кезекті рет камбэк жасап, соңғы минутта жеңісті жұлып алды

Бұған дейін корольдік клуб «Романы» дәл осылай жеңген еді

Milos Bicanski/Getty Images
Milos Bicanski/Getty Images

Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің төртінші турында мадридтік «Реал» АЕК-ке қонаққа барып, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Матч соңына дейін жеңіліп тұрған корольдік клуб соңғы минуттарда камбэк жасады.

Матч есебін алаң иелері ашқан. 12-минутта АЕК жартылай қорғаушысы Абубакари Койта дәл соққысымен көзге түссе, 32-минутта Джуд Беллингем таразы басын теңестіріп кетті.

Екінші таймда грек командасы тағы да алға шыққан. 75-минутта «Реал» қақпасына Ставрос Пилиос гол соқты. Арада үш минут өткенде Килиан Мбаппе қанжығасын майласа, 90+2 минутта Федерико Вальверде жеңіс голын соқты.

Осылайша төрт ойында да жеңіске жеткен «Реал Мадрид» 12 ұпаймен турнирлік кестенің екінші сатысына көтерілді. Ал, АЕК болса небәрі үш ұпай жинап, 30-орынға жайғасқан.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының екінші турында «Реал» «Ромаға» қонаққа барып, ерекше камбэк жасаған еді. 1:3 есебімен жеңіліп тұрған Моуринью шәкірттері матч бітуге жеті минут қалғанда үш бірдей гол соғып, жеңісті жұлып әкетті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам