«Қайраттан» кеткен Рафаэль Уразбахтин «Елімайға» бас бапкер болуы мүмкін

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» тізгінін 2024 жылы ұстап, клубты екі жылдан астам уақыт жаттықтырды

ФК "Кайрат"
ФК "Кайрат"

«Қайраттың» ел чемпионатындағы сәтсіздігінен кейін отставкаға кеткен бапкер Рафаэль Уразбахтин жаңа маусымда семейлік «Елімайды» жаттықтыруы мүмкін. Бұл туралы спорт журналисі Эльдар Аманбев өзінің Telegram-каналында жазды.

Айта кету керек, ел чемпионаты аяқталғаннан кейін «Елімай» бас бапкері Андрей Карпович те қызметінен кеткен болатын. Семейлік клуб басшылары қазір команданы күшейтетін маман іздеп жатыр. Сондықтан олар жақын күндері Уразбахтинге ресми ұсыныспен шығады дейді журналист.

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» тізгінін 2024 жылы ұстап, клубты екі жылдан астам уақыт жаттықтырды. Осы уақытта алматылық клуб екі рет ел чемпионы атанып, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне дейін жетті. Алматыға мадридтік «Реалды» алып келіп, отандық футболдың жаңа тарихын жазды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам