Ислам Чесноков FONBET-тің Қазақстандағы алғашқы амбассадоры атанды

Исламның FONBET-тің Қазақстандағы алғашқы амбассадоры ретінде таңдалуы кездейсоқ емес

fonbet
fonbet

FONBET Ислам Чесноковпен серіктестік бастағанын жариялады. Футболшы брендтің Қазақстандағы алғашқы амбассадоры атанды.

Ислам Чесноковпен серіктестік FONBET-тің Қазақстан нарығындағы дамуының жаңа кезеңін бастап, брендтің елдегі спорт аудиториясымен коммуникациясының маңызды бөлігіне айналады.

Исламның FONBET-тің Қазақстандағы алғашқы амбассадоры ретінде таңдалуы кездейсоқ емес. Ол - үлкен мақсаттарға ұмтылатын, заманауи әрі өршіл қазақстандық футболдың жаңа буынының өкілі. Оның мінезі, амбициясы және үнемі алға ұмтылысы FONBET-тің спортты дамытуға және жанкүйерлермен жұмыс істеуге деген көзқарасымен үндеседі.

Серіктестік аясында Ислам Чесноков FONBET-тің жарнамалық және digital-кампанияларына, брендтің арнайы жобаларына, сондай-ақ спорттық және әлеуметтік бастамаларына қатысады.

«Мен үшін FONBET-тің Қазақстандағы алғашқы амбассадоры атану - үлкен мәртебе. Спорт әрқашан эмоциямен, мінезбен және алға ұмтылумен байланысты. FONBET-тің көзқарасы және брендтің Қазақстандағы спорттың дамуына ерекше көңіл бөлуі маған жақын. Осы команданың бір бөлігі болғаныма қуаныштымын. Алда бізді көптеген қызықты жобалар күтіп тұрғанына сенімдімін», - дейді Ислам Чесноков.

«Біз үшін бұл — ерекше сәт. Ислам Чесноков брендтің жаңа өкілі ғана емес, FONBET-тің Қазақстандағы алғашқы амбассадоры атанып отыр. Сондықтан заманауи қазақстандық спорттың болмысын табиғи түрде көрсете алатын тұлғаны таңдау біз үшін өте маңызды болды.

Ислам - қазақстандық спортшылардың жаңа буынының жарқын өкілі. Оның мінезі, амбициясы, дамуға және жаңа белестерге ұмтылысы бізге жақын. Біз онымен бірге жанкүйерлерге қызықты болатын және спортты аудиторияға одан әрі жақындата түсетін жобалар жасағымыз келеді.

Бұл - FONBET-тің Қазақстандағы амбассадорлық платформасын дамытудағы алғашқы қадам», - дейді FONBET Қазақстан өкілі.

Ислам Чесноковпен серіктестік FONBET-тің Қазақстандағы жергілікті серіктестіктерді дамытуға және елдің спорт мәдениетіндегі брендтің орнын нығайтуға бағытталған ұзақмерзімді стратегиясының бір бөлігі болады.

FONBET - кәсіби және бұқаралық спортты белсенді қолдайтын халықаралық букмекерлік бренд. Қазақстанда компания спорт ұйымдарымен, командалармен және спортшылармен серіктестік жобаларды дамытып, жанкүйерлермен өзара әрекеттесудің жаңа форматтарын қалыптастырады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам