Футболшының жұбайы Айгерім екінші перзентін өмірге әкелді
Қазақстан құрамасы мен «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліптің отбасында қыз бала дүниеге келді.
5 қарашада футболшының жұбайы Айгерім екінші перзентін өмірге әкелді. Сәбиге Айсана есімі берілді. Нәрестенің салмағы – 4300 грамм, бойы – 53 сантиметр.
«Нұралы мен Айгерімді отбасындағы қуанышты оқиғамен құттықтаймыз! Ата-анасына, кішкентай Айсанаға және оның әпкесі Алайяға зор денсаулық пен көтеріңкі көңіл күй тілейміз!» – делінген «Зенит» клубының хабарламасында.
Айта кетейік, Нұралы Әліп 2023 жылдың қаңтарында «Зенит» сапына қосылған. Санкт-Петербург клубымен бірге тоғыз жүлде жеңіп алды. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 56 матч өткізіп, екі гол соққан.