Көрші елдер топтағы бірінші орынға таласады, ал аутсайдер үшін соңғы мүмкіндік

Olimpbet сарапшылары Ұлттар лигасы аясындағы Франция – Бельгия және Италия – Түркия құрамалары арасындағы матчтарға болжам жасады

Olimpbet
Olimpbet

УЕФА Ұлттар лигасы. А лигасы. Төртінші тур. 1-топ.

Франция – Бельгия. 5 қазан, 23:45 (Астана уақытымен).

Париж маңындағы Сен-Дени қаласында Ұлттар лигасының төртінші турындағы дүйсенбі күнінің басты кездесуі өтеді. Франция құрамасы өз алаңында Бельгияны қабылдайды.

Olimpbet сарапшылары географиялық көршілер арасындағы бұл тартыста алаң иелерін айқын фаворит санайды. Олардың пікірінше, бельгиялық «қызыл сойқандардың» тең нәтижеге қол жеткізуінен гөрі, француздардың екі доп айырмасымен жеңіске жету ықтималдығы жоғары.

Турнирлік жағдай

Франция құрамасы жеті ұпаймен элиталық дивизионның бірінші тобында жеке-дара көш бастап тұр. Ал Бельгия көшбасшыдан небәрі бір ұпайға қалып, екінші орында келеді.

Егер бельгиялықтар сырт алаңда жеңіске жетсе, турнир кестесінің бірінші сатысына көтеріледі. Алайда жеңіліске ұшыраған жағдайда үшінші орынға түсіп қалу қаупі бар. Ал француздар тең нәтиженің өзінде көшбасшылық орнын сақтап қалады.

Статистика

Ұлттар лигасының 2026/28 жылғы маусымында «қызыл сойқандар» «үш түстілерге» қарағанда көбірек гол соқты (5 голға қарсы 3 гол). Ал жіберілген голдар бойынша екі команданың көрсеткіші бірдей – әрқайсысы бір доптан өткізген. Бір қызығы, бельгиялықтар жалғыз голды дәл осы Франциядан бірінші айналымдағы кездесуде жіберген.

Марк ван Боммель шәкірттері қарсылас қақпасына сәл жиірек соққы жасайды (әр матчта орта есеппен 16,67 соққыға қарсы 15,67). Қақпа дәлдігін тапқан соққылар бойынша да бельгиялықтар алда – 6,67-ге қарсы 6.

Алайда Зинедин Зидан командасы бұрыштама доптар саны бойынша аздаған басымдыққа ие (5-ке қарсы 4). Ал допқа иелік ету көрсеткішінде француздардың үстемдігі айқын – 64,67%-ға қарсы 44%.

Өзара кездесулер тарихы

Алдағы кездесу екі көрші ел құрамалары арасындағы мерейтойлық, 80-матч болмақ. Әзірге олардың өзара ойындарында тепе-теңдік сақталған: екі команда да 30 реттен жеңіске жетіп, 19 кездесу тең аяқталған.

Дегенмен соңғы алты матчтың барлығында француздар басым түскен. Ал Ұлттар лигасы аясында «үш түстілер» өткізген төрт кездесудің бәрінде жеңіске жетті. Соның бірі қазіргі маусымда тіркелген.

Болжам

Olimpbet сарапшылары екі команда да жанкүйерлерге нәтижелі футбол ұсынып, «Стад де Франс» стадионында голға бай кездесу өткізеді деп болжайды.

Бұл ретте негізгі үміт алаң иелеріне артылып отыр. Сарапшылар Франция құрамасынан кемінде екі гол күтеді. Ал гол соғуы ықтимал ойыншылардың ішінде француз шабуылшысы Усман Дембеле басты үміткер саналады.

Италия – Түркия

5 қазан, 23:45 (Астана уақытымен).

Сен-Денидегі матчпен бір уақытта осы топтың тағы екі қатысушысы – Италия мен Түркия құрамалары кездеседі. Ойын Болонья қаласында өтеді.

Olimpbet сарапшылары бұл кездесуде алаң иелеріне айтарлықтай басымдық беріп отыр. Олардың бағалауынша, Италияның жеңіске жету мүмкіндігі Түркияға қарағанда төрт еседен астам жоғары.

Турнирлік жағдай

«Янычарлар» үш турда бірде-бір ұпай жинай алмай, өз тобында соңғы орында келеді. Егер Түркия қатарынан төртінші рет жеңілсе, В дивизионына тікелей түсіп қалудан құтылу мүмкіндігі тым азаяды.

Ал Италия құрамасының еншісінде төрт ұпай бар. «Скуадра адзурра» әлі де топта бірінші орын алу үмітінен айырылған жоқ. Егер итальяндықтар «ай-жұлдыздыларды» жеңсе, бірінші топта екінші орынға көтерілу ықтималдығы өте жоғары.

Статистика

«Скуадра адзурра» Түркияға қарағанда көбірек гол соққан (5 голға қарсы 1 гол) әрі аз гол жіберген (4 голға қарсы 8 гол).

Шабуылдарды нәтижелі аяқтау көрсеткіші өте төмен болғанына қарамастан, түріктер қақпаға бағытталған соққылар саны бойынша итальяндықтармен тең келеді. Екі команда да әр матчта орта есеппен 15,33 соққы жасайды.

Қақпа дәлдігін тапқан соққылар бойынша Италияның басымдығы шамалы – 5,33-ке қарсы 4,6. Допқа иелік ету көрсеткішінде де айырмашылық аз – 46%-ға қарсы 45,33%.

Ал бұрыштама доптар саны бойынша «ай-жұлдыздылар» алда келеді – 5,33-ке қарсы 3,33.

Өзара кездесулер тарихы

Түркия құрамасының Италияға қарсы ойындардағы статистикасы көңіл көншітпейді. Осы уақытқа дейін өткен 14 матчта түріктер бірде-бір рет жеңіске жетпеген. Олар он кездесуде жеңіліп, тек төрт рет тең нәтижеге қол жеткізген.

Ал ресми жеті кездесудің алтауында «Скуадра адзурра» басым түскен.

Болжам

Olimpbet сарапшылары италиялық мамандар жаттықтыратын екі құраманың тартысында Роберто Манчини шәкірттері жеңіске жетеді деген пікірде.

Болжам бойынша, алаң иелері кемінде екі гол соғады және бірінші тайм аяқталғанға дейін есеп ашады.

Сонымен қатар матчта кемінде тоғыз бұрыштама доп орындалады деп күтілуде. Бұл көрсеткіш бойынша да Италия құрамасы айқын фаворит саналады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам