Чемпиондар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы екінші турдың алғашқы ойын күніндегі ең тартысты кездесулердің бірі Мадридте өтпек
Мадрид пен Ыстанбұлдағы тартысты кездесулер. Чемпиондар лигасы аясындағы «Атлетико» – «Манчестер Юнайтед» және «Галатасарай» – «Барселона» матчтарына Olimpbet сарапшыларының болжамы.
Чемпиондар лигасы. Жалпы кезең. Екінші тур.
«Атлетико» (Испания) – «Манчестер Юнайтед» (Англия). 14 қазан, 00:00 (Астана уақытымен).
Чемпиондар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы екінші турдың алғашқы ойын күніндегі ең тартысты кездесулердің бірі Мадридте өтпек. Жергілікті «Атлетико» ағылшынның «Манчестер Юнайтед» клубын қабылдайды.
Olimpbet сарапшылары бұл матчта алаң иелерін айқын фаворит санайды. Олардың пікірінше, мадридтіктердің жеңіске жету мүмкіндігі қонақтарға қарағанда екі есеге жуық жоғары.
Соңғы матчтар
Екі команданың ұлттық чемпионаттардағы жағдайы әртүрлі.
«Атлетико» Испания чемпионатында тек мінсіз нәтиже көрсетіп келе жатқан «Барселонадан» ғана қалып, Примераның турнир кестесінде екінші орында тұр.
«Матрасшылар» қатарынан төрт матчта жеңіске жетті. Өткен сенбіде мадридтіктер сырт алаңда «Алавесті» 2:1 есебімен жеңді.
Ал «қызыл сойқандар» үшін Англия Премьер-лигасындағы маусымның басталуы сәтсіз өтіп жатыр. Алғашқы турда жеңіске жеткеннен кейін «Манчестер Юнайтед» әлі бірде-бір рет үш ұпай ала алмады.
Алтыншы турда манчестерліктер өз алаңында турнир кестесінің төменгі бөлігінде, қауіпті аймақта тұрған «Тоттенхэмге» қарсы кездесуде жеңісті уысынан шығарып алды. Оның үстіне «шпорлар» бір ойыншысы кем бола тұра, төреші қосқан уақыттың екінші минутында есепті теңестірді.
Ал Чемпиондар лигасында жағдай керісінше қалыптасты. Жалпы кезеңнің алғашқы турында «қызыл сойқандар» өз алаңында Әзербайжанның «Сабах» клубын 4:0 есебімен ойсырата жеңді.
«Атлетико» болса, Англияның тағы бір өкілі «Ливерпульге» сырт алаңда 1:2 есебімен есе жіберді.
Өзара кездесулер тарихы
Бұл командалар осы уақытқа дейін небәрі алты рет кездескен.
Бір қарағанда таңғаларлық көрінуі мүмкін, бірақ жалпы статистикада «Атлетиконың» басымдығы бар. Мадридтіктер үш рет жеңіске жетіп, бір рет жеңілген. Тағы екі кездесу тең аяқталған.
Ал тек ресми матчтарды есепке алсақ, «үндістер» манчестерліктерден мүлде жеңілмеген: екі жеңіс және екі тең ойын.
Испаниялық клуб еурокубоктардың плей-офф кезеңінде ағылшындарды екі рет жарыстан шығарған.
Алғаш рет 1991/92 жылғы маусымда Кубок иелері кубогының 1/8 финалында басым түссе, 2021/22 жылғы маусымда Чемпиондар лигасының дәл осы кезеңінде «Манчестер Юнайтедтің» жолын кесті.
Болжам
Olimpbet сарапшылары екі команданың футболшылары жанкүйерлерді нәтижелі ойынмен қуантып, «Рияд Эйр Метрополитано» стадионында голға бай кездесу өткізеді деп есептейді.
Олардың болжамынша, алаң иелері екі таймда да гол соғады.
Ал гол авторы атануға басты үміткерлер ретінде «Атлетиконың» шабуылшылары Александер Серлот пен Хулиан Альварес аталып отыр.

«Галатасарай» (Түркия) – «Барселона» (Испания)
14 қазан, 00:00 (Астана уақытымен).
Ыстанбұлда өтетін «Галатасарай» мен «Барселона» арасындағы кездесу де футбол жанкүйерлерінің ерекше қызығушылығын тудыратыны сөзсіз.
Olimpbet сарапшылары бұл матчта Каталониядан келген қонақтарға айтарлықтай басымдық беріп отыр.
Олардың пікірінше, «арыстандардың» ең болмағанда тең нәтижеге қол жеткізуінен гөрі, «көк-анар түстілердің» үш доп айырмасымен жеңіске жету ықтималдығы жоғары.
Соңғы матчтар
«Барселона» биылғы маусымда әзірге бірде-бір рет ұпай жоғалтқан жоқ. Каталониялықтар ішкі чемпионатта да, халықаралық аренада да мінсіз нәтиже көрсетіп келеді.
Ханси Флик шәкірттері Испания чемпионатындағы сегіз матчтың барлығында жеңіске жетті. Өткен демалыста олар «Хетафені» 3:0 есебімен ойсырата жеңді.
Чемпиондар лигасын да «көк-анар түстілер» ірі жеңіспен бастады. Алғашқы турда «Фейеноордты» 5:1 есебімен тізе бүктірді.
«Галатасарай» да Түркия Суперлигасында жеке-дара көш бастап келеді. Өткен турда ыстанбұлдықтар «Касымпашаны» 3:1 есебімен жеңді.
Алайда Чемпиондар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы жалпы кезеңді түркиялық клуб сәтсіз бастады. Ыстанбұлдықтар Лиссабонда «Спортингтен» 1:3 есебімен жеңілді.
Өзара кездесулер тарихы
Бұл қарсыластар осы уақытқа дейін тура он рет кездескен. Олардың барлығы ресми матчтар санатына жатады.
Өзара ойындардың статистикасында «Барселонаның» басымдығы айқын. Каталониялықтар алты рет жеңіске жетіп, үш мәрте тең түскен және небәрі бір рет жеңілген.
Соңғы рет командалар 2021/22 жылғы маусымда Еуропа лигасының 1/8 финалында кездескен. Сол кезде «Галатасарай» «Камп Ноу» стадионында өткен алғашқы матчта 0:0 есебімен тең нәтижеге қол жеткізді. Ал қарымта кездесуде түркиялықтар бірінші болып есеп ашты.
Дегенмен «Барселона» жауап ретінде екі гол соғып, сырт алаңда 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, каталониялықтар келесі кезеңге жолдама алды.
Болжам
Olimpbet сарапшылары Ыстанбұлда өтетін матчтың голға бай болатынына еш күмән келтірмейді. Олардың пікірінше, «Барселона» қарсылас қақпасына кемінде үш гол соғады.
Сонымен қатар каталониялықтар кездесудегі есепті бірінші болып ашып қана қоймай, матчтағы соңғы голдың да авторы атанады деп күтілуде.