Ламин Ямаль Ла Лигада Мессидің рекордын жаңартты

Ол Ла Лигада 40 нәтижелі пас берген ең жас футболшы атанды

Getty Images
Getty Images

«Барселона» клубының вингері Ламин Ямаль Испания чемпионатында тарихи жетістікке жетті. Ол Ла Лигада 40 нәтижелі пас берген ең жас футболшы атанды.

19 жастағы испаниялық ойыншы «Атлетикоға» қарсы кездесуде (2:1) жеңіс голына пас берді. Осы нәтижелі әрекетінен кейін оның Испания чемпионатындағы ассистерінің саны 40-қа жетті.

MisterChip дерегінше, рекорд тіркелген сәтте Ямаль 19 жас 118 күнде болған. Осылайша, ол бұған дейінгі үздік көрсеткіш иесінен үш жылға жуық уақытқа озып кетті.

Салыстыру үшін айтсақ, «Алтын доптың» сегіз дүркін иегері Лионель Месси Ла Лигадағы 40-шы нәтижелі пасын 23 жас 158 күнінде берген.

Испания чемпионатында 40 ассист жасаған ең жас футболшылар тізімі:

  • Ламин Ямаль – 19 жас 118 күн;
  • Лопес Уфарте – 22 жас 15 күн;
  • Адриан Эскудеро – 22 жас 349 күн;
  • Сегуи – 23 жас 74 күн;
  • Эчеберрия – 23 жас 158 күн;
  • Лионель Месси – 23 жас 158 күн.

Осы маусымда Ямаль «Барселона» сапында барлық турнирде 16 матч өткізіп, 13 гол соғып, 12 нәтижелі пас берген.

Transfermarkt порталы испаниялық футболшының нарықтық құнын 220 миллион еуро деп бағалайды. Бұл көрсеткіш бойынша ол әлемдегі ең қымбат футболшы саналады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам