«Екі ойында да жеңуіміз керек»: Какау Беларусьтен жеңілгеннен кейін мәлімдеме жасады

Какау Қазақстан құрамасының алдағы жоспарын айтты

ҚФФ
ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Какау 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Беларусьтен 1:5 есебімен жеңілген матчқа қатысты пікір білдірді. Мамандар енді Албанияға қарсы өтетін екі кездесуде жеңіске жетуге үміт артып отыр.

Словакияның Гуменне қаласында өткен кездесуде Қазақстан құрамасы қарсыласына ірі есеппен есе жіберді. Матчтан кейін Какау команда жіберген қателіктерді мойындап, алдағы ойындардың маңызын атап өтті.

«Бүгін сәтсіздікке ұшырадық. Бірінші матчтағыдай 5:4 есебімен жеңіске жете алмадық. Мүмкіндіктер болды, бірақ қателіктеріміз де көп. Әрине, жағдайды сабырмен саралау керек. Дегенмен 1:5 – біз үшін жақсы нәтиже емес.

Енді Албаниямен екі матч өткіземіз. Бұл кездесулерде міндетті түрде екі рет жеңіске жетуіміз керек. Солай болады деп үміттенемін. Жанкүйерлердің қолдауы біз үшін өте маңызды. Жігіттер әзірге толық дайын емес, бірақ алда дайындалуға уақыт бар. Ең бастысы, мүмкіндігіміз әлі де сақталып отыр», – деді Какау матчтан кейінгі сұхбатында.

Айта кетейік, топ жеңімпазы 2028 жылғы әлем чемпионатының элиталық кезеңіне тікелей жолдама алады. Ал екінші орын алған командаға келесі кезеңге шығу үшін қосымша мүмкіндік беріледі.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам