УЕФА «Молдова – Қазақстан» матчына төрешілерді бекітті

Кездесудің бас төрешісі италиялық Андреа Коломбо болады

FIFA
FIFA

УЕФА Ұлттар лигасының бесінші туры аясында өтетін Молдова мен Қазақстан құрамалары арасындағы матчқа төрешілер тобын бекітті.

Кездесудің бас төрешісі италиялық Андреа Коломбо болады. Оған қапталда Даниеле Биндони мен Джованни Баччини көмектеседі. Төртінші төреші қызметін Кевин Боначина атқарады.

Бейнеқайталауға жауапты төреші (VAR) – Алеандро Ди Паоло, оның көмекшісі – Федерико Ла Пенна. Төрешілер тобының барлық мүшесі Италия өкілдері.

Төрт турдан кейін Қазақстан С3 тобында екі ұпаймен соңғы орында тұр. Молдова құрамасы төрт ұпай жинап, үшінші сатыға жайғасқан. Командалар арасындағы алғашқы кездесу 2 қазанда Астанада өтіп, алаң иелері 1:2 есебімен жеңілген.

Матч 13 қарашада Кишиневтегі «Зимбру» стадионында өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам