Нұрсұлтан Құрман Қазақстан футзал қауымдастығының президенті қызметінен кетті

Ол Қазақстан футзал қауымдастығын 2025 жылғы 11 шілдеден бастап басқарды

ҚФФ
ҚФФ

Нұрсұлтан Құрман Қазақстан футзал қауымдастығының президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Бүгін мен үшін маңызды кезеңдердің бірі аяқталып отыр. Қазақстан футзал қауымдастығының президенті қызметіндегі жұмысымды аяқтау туралы шешім қабылдадым», – деді ол.

Нұрсұлтан Құрман бұл қызметте жүрген уақытын үлкен жауапкершілікпен қатар, мол тәжірибе мен ерекше естеліктерге толы кезең деп бағалады. Сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Талғатұлына сенім білдіріп, қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Функционер алда жаңа жоспарлары мен бастамалары бар екенін жеткізді. Сонымен қатар футзалға деген қолдауы мен жанашырлығы әрдайым сақталатынын атап өтті.

Нұрсұлтан Құрман Қазақстан футзал қауымдастығын 2025 жылғы 11 шілдеден бастап басқарды.

Айта кетейік, кеше футзалдан Қазақстан құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Беларусьтен 1:5 есебімен жеңілді. Осы нәтижеден кейін Беларусь алты ұпаймен алтыншы топта көш бастаса, Қазақстан үш ұпаймен екінші орында қалды. Қазақстандықтар келесі кездесуін 9 желтоқсанда өткізеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам