Мессисіз ойнаған Аргентина құрамасы Уругвайдан жеңіліп қалды

Лионель Месси биыл Әлем чемпионатынан кейін ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын ресми мәлімдеген болатын

afa.com.ar
afa.com.ar

Аргентина құрамасы Уругваймен жолдастық кездесу өткізіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Бұл – Лионель Месси ұлттық құрамада мансабын аяқтағаннан кейінгі Аргентинаның алғашқы ойыны.

Матчтың бірінші таймында гол соғылған жоқ. Футболшылар да шабуыл қарқынын күшейтпей, бір-бірінің қорғанысын барлаумен болды.

Есесіне екінші таймда қос құрама да ашық ойынға көшті. 48-минутта Уругвай құрамасының шабуылы кезінде Аргентина қорғаушысы Леонардо Балерди өз қақпасына гол соғып алды. Ал, араға небәрі 5 минут салып Максимилиано Араухо есепті еселеді.

Алаң иелері сапынан Хулиан Альварес 72-минутта гол соғып, доп айырмасын қысқартқан. Алайда, аргентиналықтардың бұдан әріге шамасы жетпеді.

Лионель Месси биыл Әлем чемпионатынан кейін ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын ресми мәлімдеген болатын. Аңызбен қоштасу үшін Аргентинаның футбол федерациясы Бенин құрамасымен жолдастық кездесу ұйымдастырып, Мессиді шығарып салу рәсімін өткізді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам