Дэвид Бекхэм АҚШ футболының Даңқ залына енеді

Даңқ залының жаңа мүшелерін ұлықтау рәсімі 2027 жылдың 16 сәуірінде өтеді

© Rich Storry - Leagues Cup / Contributor / Major League Soccer
© Rich Storry - Leagues Cup / Contributor / Major League Soccer

Англия футболының аңызы Дэвид Бекхэм АҚШ футболының Даңқ залына енгізіледі. Бұған дейін «Лос-Анджелес Гэлакси» сапында өнер көрсеткен, бүгінде «Интер Майами» клубының тең иесі атанған бұрынғы футболшы осындай құрметке ие болады. Бұл туралы MLS-тің ресми сайты хабарлады.

Даңқ залының жаңа мүшелерін ұлықтау рәсімі 2027 жылдың 16 сәуірінде өтеді. Салтанатты шара Техас штатының Даллас қаласындағы «Тойота» стадионында ұйымдастырылады.

Дэвид Бекхэм 2007-2012 жылдар аралығында «Лос-Анджелес Гэлакси» клубының намысын қорғады. Осы кезеңде ол италиялық «Милан» сапына екі рет жалға беріліп, АҚШ чемпионатындағы өнерін уақытша тоқтатқан.

Англиялық футболшы MLS аясында екі рет чемпион атанып, тағы екі мәрте тұрақты маусымның үздік командасы сапында жеңіске жетті.

2027 жылы АҚШ футболының Даңқ залына Бекхэммен бірге Жози Алтидор, Лотар Осиандер, Джули Бет Эрц және Меган Рапино да енгізіледі.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам