Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеуінде Бельгиядан жеңілді

Қазақстан құрамасы Шотландиядағы шағын турнирде қатарынан екінші рет жеңіліске ұшырады

ҚФФ
ҚФФ

Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі екінші матчында Бельгияға 0:2 есебімен есе жіберді. Кездесу А лигасының А2 тобында өтті.

Шотландияның Камбернолд қаласындағы «Броудвуд» стадионында өткен ойынның алғашқы таймында Тимур Қасымов шәкірттері қарсыластың шабуылдарына төтеп берді. Алайда үзілістен кейін бельгиялық жартылай қорғаушы Август Де Ваннемакер матч тағдырын шешті.

Ол 58-минутта есеп ашса, 75-минутта пенальтиден гол соғып, дубль авторы атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Шотландиядағы шағын турнирде қатарынан екінші рет жеңіліске ұшырады. Бұған дейін отандастарымыз алғашқы турда алаң иелеріне 1:3 есебімен жол берген еді.

Ал Бельгия құрамасы Косовоны 2:0 есебімен жеңгеннен кейін Қазақстанды да тізе бүктіріп, алты ұпаймен А2 тобының жеке көшбасшысы атанды.

Қазақстан U-19 құрамасы іріктеу кезеңіндегі соңғы кездесуін 17 қарашада Косовоның құрдастарына қарсы өткізеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам