Оның трансферлік бағасы 500 мың еуродан 2,5 миллион еуроға дейін өсті
«Ордабасы» мен Қазақстан құрамасының 19 жастағы жартылай қорғаушысы Жасұлан Әмір Transfermarkt порталы жаңартқан ҚПЛ ойыншыларының нарықтық құны рейтингінде көш бастады. Оның трансферлік бағасы 500 мың еуродан 2,5 миллион еуроға дейін өсті.
Бір жаңартудың өзінде қазақстандық футболшының нарықтық құны 2 миллион еуроға немесе бес есеге артқан. Әмір бірінші орынды «Астана» сапындағы босниялық жартылай қорғаушы Иван Башичпен бөлісті. Оның бағасы да бір миллион еуроға өсіп, 2,5 миллион еуроға жетті.
Үздік үштікке «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков пен «Ордабасы» қорғаушысы Ги-Марселен Килама да енді. Екі футболшының нарықтық құны 1,2 миллион еуродан бағаланып отыр.
Ал бір миллион еуролық межеге «Астана» ойыншысы Мақсат Абраев, «Ордабасы» футболшысы Давид Абағна, «Қайрат» шабуылшысы Жоржиньо және «Ақтөбе» өкілі Пабло Альварес жетті.
Тағы бес футболшының нарықтық құны 900 мың еуроны құрайды. Олардың қатарында Елхан Астанов пен Алекса Аманович («Ордабасы»), Артур Шушеначев пен Даниэль Соса («Ақтөбе»), сондай-ақ Виталий Лисакович («Тобыл») бар.