Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде үш орынға төмендеді

ФИФА рейтингінің алғашқы ондығында Испания (2004,48 ұпай) көш бастап тұр

ҚФФ
ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) жаңартылған рейтингінде үш орынға төмендеп, 119-сатыға жайғасты.

Ұлттық құраманың көрсеткіші соңғы ойындардың нәтижесіне байланысты өзгерді. Қазақстан УЕФА Ұлттар лигасы аясында Словакиямен 2:2 есебімен тең түсіп, Молдоваға 1:2 есебімен жол берді.

ФИФА рейтингінің алғашқы ондығында Испания (2004,48 ұпай) көш бастап тұр. Екінші орында Аргентина (1966,13), ал үздік үштікті Франция (1950,82) түйіндеді. Одан кейін Англия, Марокко, Португалия, Бразилия, Бельгия, Нидерланд және Колумбия құрамалары орналасқан.

Қазақстан 1160,72 ұпаймен 119-орынға тұрақтады. Ал Словакия 1469 ұпаймен 47-сатыда тұр. Молдова 1019,36 ұпай жинап, 157-орынға жайғасты.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам