Аргентина футбол федерациясы соңғы бір жылдан бері бірнеше рет қаржылық дау-дамайды басынан өткеріп келеді
«Интер Майами» клубының даңқты шабуылшысы Лионель Месси Аргентина футбол федерациясына (AFA) хат жолдап, өзінің есімі мен бет-бейнесін коммерциялық мақсатта қолданбауды талап етті деп жазды Marca басылымы.
Дереккөздің мәліметінше, Месси өзін Аргентина футболының басшыларымен байланыстырғысы келмейді. AFA тарапынан даңқты футболшының фотосуреттерін немесе есімін ақша табу мақсатында қолдануы – оның ашуын тудырған. Өйткені, келісілмеген мұндай әрекеттер жарнамалық келісімшарттарға зиянын тигізуі мүмкін.
Мессидің ашуланатынындай бар. Аргентина футбол федерациясы соңғы бір жылдан бері бірнеше рет қаржылық дау-дамайды басынан өткеріп келеді. Федерация басшылары жүздеген миллион долларды жымқырды, шетелден қымбат үйлер сатып алды деп айыпталып жатыр.