«Реал» Арда Гүлермен келісімшартты 2032 жылға дейін ұзартты

Арда Гүлер «Реалға» 2023 жылдың шілдесінде, 18 жасында ауысқан

Getty Images
Getty Images

«Реал Мадрид» Түркия құрамасының жартылай қорғаушысы Арда Гүлермен жаңа келісімшартқа қол қойды. 21 жастағы футболшымен жасалған келісім 2032 жылдың 30 маусымына дейін күшінде болады.

Арда Гүлер «Реалға» 2023 жылдың шілдесінде, 18 жасында ауысқан. Содан бері «корольдік клуб» жейдесінде 126 матч өткізіп, бес жүлдеге қол жеткізген. Оның еншісінде Чемпиондар лигасы, клубтар арасындағы әлем чемпионаты, УЕФА Суперкубогы, Испания чемпионаты және Испания Суперкубогының титулдары бар.

Сонымен қатар футболшы Түркия ұлттық құрамасы сапында 38 кездесуге қатысқан. Ол өткен жылдың қыркүйегінде 2025/2026 жылғы маусымның Чемпиондар лигасындағы үздік жас ойыншысы атанған.

Айта кетейік, түркиялық футболшы 2023 жылдың жазында «Фенербахчеден» «Реалға» 30 миллион еуроға ауысқан.

Осы маусымда жартылай қорғаушы барлық турнирде 14 матч өткізіп, төрт гол соққан және жеті нәтижелі пас берген. Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының қазіргі нарықтық құны 100 миллион еуроға бағаланып отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам