Жеребе қорытындысы бойынша 12 топ жасақталады
УЕФА 2028 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімінің регламентін жариялады. Қатысушы құрамалар тізімінде Ресей ұлттық құрамасы жоқ.
Жеребе тарту рәсімі 6 желтоқсанда Белфаст қаласында өтеді. Ал іріктеу кезеңі келесі жылдың наурыз айында басталады. Турнирге жалпы саны 54 ұлттық құрама қатысады. Ресей құрамасы УЕФА мен Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) санкцияларына байланысты жарыстан шеттетілген.
Жеребе қорытындысы бойынша 12 топ жасақталады. Оның алтауында төрт командадан, қалған алтауында бес құрама болады.
Сондай-ақ бірқатар саяси және қауіпсіздік себептеріне байланысты кейбір құрамалар бір топқа түспейді. Атап айтқанда, Косово Босния және Герцеговина мен Сербиядан бөлек топқа түседі. Әзербайжан мен Армения, Гибралтар мен Испания, Беларусь пен Украина құрамалары да өзара бір топта өнер көрсетпейді.
Ал Қазақстан төртінші себетке түскен. Төртінші себетте Кипр, Финляндия, Молдова, Армения, Болгария, Люксембург, Қазақстан, Латвия, Беларусь, Эстония, Фарер аралдары, Сан-Марино бар.