Дастан Сәтпаев, Шерхан Қалмырза: «Қайраттың» 14 ойыншысы Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атанды

Чемпиондар лигасындағы тарихи жеңістен кейін «Қайрат» ойыншылары марапатталды

ФК "Қайрат"
ФК "Қайрат"

Алматылық «Қайраттың» 14 футболшысына «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді.

Марапаттау рәсімі Тимур Сегізбаев атындағы академияда өтті. Құрметті атақты футболшыларға клубтың бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев, бас директоры Асқар Есімов және Қазақстан футболының ардагерлері Құралбек Ордабаев пен Ваит Талғаев табыстады.

Марапат иелерінің қатарында Темірлан Анарбеков, Дамир Қасабұлат, Әділет Садыбеков, Еркін Тапалов, Александр Мрынский, Александр Широбоков, Лев Кургин, Олжас Байбек, Азамат Туяқбаев, Шерхан Қалмырза, Мансұр Бірқұрманов, Мұхамедәлі Әбіш, Рамазан Бағдат және Дастан Сәтпаев бар.

 

 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам