2026 жылғы лауреаттары қатарына франциялық ММА файтері Салахдин Парнасс та енді
Грузия құрамасы мен «ПСЖ» клубының шабуылшысы Хвича Кварацхелия GQ журналының нұсқасы бойынша 2026 жылдың үздік адамы атанды.
1996 жылдан бері табысталып келе жатқан бұл сыйлық спорт, кино, музыка, сән және мәдениет салаларында елеулі жетістікке жетіп, қоғамға ықпал еткен тұлғаларға беріледі. Кварацхелиядан бөлек, GQ France журналының 2026 жылғы лауреаттары қатарына франциялық ММА файтері Салахдин Парнасс та енді.
Бұған дейін грузиялық футболшы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші турда «Барселонаға» қарсы өткен матчта (4:2) тізесінің айқас байламдарын жарақаттап алған болатын. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Кварацхелияның жарақатынан толық айығуына шамамен тоғыз ай уақыт кетуі мүмкін.
Сондай-ақ грузиялық вингер 2026 жылғы «Алтын доп» сыйлығына дауыс беру қорытындысы бойынша алтыншы орынға ие болды. Осылайша ол аталған марапатқа үміткер ретінде ұсынылған клубтағы тоғыз әріптесінің барлығын басып озды.