«Интер Майами» капитанының бір жылдық табысы 28,33 миллион долларға жеткен
Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси MLS-тегі ең жоғары жалақы алатын футболшы мәртебесін сақтап қалды. «Интер Майами» капитанының бір жылдық кепілдендірілген табысы 28,33 миллион долларға жеткен.
MLS ойыншылар қауымдастығы жариялаған дерекке сәйкес, өткен жылы Мессидің келісімшарт бойынша жылдық табысы 20,45 миллион доллар болған. Осылайша, аргентиналық жұлдыздың жалақысы бір жылда айтарлықтай өскен.
Рейтингте екінші орынға «Чикаго Файр» клубының шабуылшысы Роберт Левандовски жайғасты. Польша құрамасының ойыншысы жылына 19,51 миллион доллар табыс табады. Бұл Мессидің жалақысынан 8,82 миллион долларға аз.
Үздік бестіктен Антуан Гризманн («Орландо Сити») – 13,94 миллион доллар, Сон Хын Мин («Лос-Анджелес») – 11,25 миллион доллар және Брель Эмболо («Атланта Юнайтед») – 10,81 миллион доллар да орын алды.
Бір қызығы, Мессидің жеке жылдық табысы MLS-тегі 25 клубтың бүкіл ойыншыларына төленетін жалақының жиынтық мөлшерінен асып түседі. Олардың қатарында тұрақты чемпионатта жеңіске жеткен «Нэшвилл» де бар. Аталған клубтың ойыншыларға арналған жылдық жалақы қоры 24,97 миллион долларды құрайды.
Ал «Интер Майами» лига тарихындағы ең жоғары көрсеткіш саналатын 59,37 миллион долларлық жалақы қорымен Шығыс конференциясында «Нэшвиллден» кейін екінші орын алды.