2007 жылы Еуропа чемпионатының іріктеуінде Қазақстан мен Бельгия кездесіп, 2:2 есебі тіркелген болатын
Футболдан Қазақстан чемпионы атанған «Ордабасы» күні кеше жаңа бас бапкермен келісімшарт жасасты. Шымкенттік команданы енді Карел Герартс жаттықтырады. Бұл ақпаратты клуб қожайындарының бірі Бейбіт Әлібеков әлеуметтік желіде жазды.
Белгілі болғандай, Герартс жиырма жылдай бұрын Бельгия құрамасында жартылай қорғаушы болған. Ұлттық құрамада 20 матч өткізіп, төрт голмен көзге түсіпті. Сол төртеудің бірін Қазақстан қақпасына соққан.
2007 жылы Еуропа чемпионатының іріктеуінде Қазақстан мен Бельгия кездесіп, 2:2 есебі тіркелген болатын. Матчтың 13-минутында дәл осы Герартс есеп ашса, 24-минутта Миральяс есепті еселеді. Ал, Қазақстан сапынан Бяков пен Смақов бір-бір голдан соғып, таразы басын теңестірген.
Карел Герартс бапкерлік жолын 2019 жылы бастады. Бүгінгі күнге дейін ол «Юнион Сент-Жилллуаз», «Шальке-4», «Реймс» клубтарын жаттықтырған. Енді «Ордабасының» тізгінін ұстайды.