Сәтпаев соңғы рет 24 қазанда «Линкольн Ситиге» қарсы кездесуде негізгі құрамда өнер көрсетті
Қазақстан ұлттық құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев жарақатынан кейінгі оңалту курсынан өту үшін Лондонға аттанды.
Қазіргі таңда «Бернли» сапында жалға алу негізінде өнер көрсетіп жүрген футболшы «Челси» клубының қарамағына оралды.
Британдық журналист Мэтт Скрафтонның мәліметінше, қазақстандық футболшының алаңға қашан оралатыны әзірге белгісіз.
Сәтпаев соңғы рет 24 қазанда «Линкольн Ситиге» қарсы кездесуде негізгі құрамда өнер көрсетті. Аталған матчта «Бернли» 1:4 есебімен жеңіліп қалды. Содан бері жарақатына байланысты шабуылшы Чемпионшиптегі үш ойынға – «Портсмут», «Куинз Парк Рейнджерс» және «Кардифф Ситиге» қарсы кездесулерге қатыса алмады.
Сондай-ақ жас футболшы қараша айында Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасы аясында Молдова мен Словакияға қарсы өткізген матчтарын да өткізіп алды.
Айта кетейік, «Бернли» келесі кездесуін 22 қарашада өз алаңында «Блэкбернге» қарсы өткізеді. Астана уақытымен сағат 17:00-де басталатын матчта Сәтпаевтың алаңға шығуы әзірге екіталай.