Роналду мансабындағы 986-голын соғып, пенальтиден мүлт кетті

Енді ол 1000 голдық межеге жету үшін тағы 14 рет мергендік танытуы керек

Getty Images
Getty Images

«Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионаты аясында «Әл-Ахлиге» қарсы кездесуде көзге түсті.

Португалиялық футболшы есеп ашқанымен, араға төрт минут салып пенальтиді пайдалана алмады.

Джидда қаласында өтіп жатқан матчтың 14-минутында 41 жастағы шабуылшы Саму Коштаның пасынан кейін қарсылас қақпасын дәл көздеді. Бұл Роналдудың кәсіби мансабындағы 986-голы болды. Енді ол 1000 голдық межеге жету үшін тағы 14 рет мергендік танытуы керек.

Алайда төрт минуттан кейін португалиялық футболшы дубль жасауға тамаша мүмкіндік алды. Роналду пенальтиден соққы жасағанымен, доп қақпа бағанасына тиді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам