Харри Кейн ауыр жарақат алып, бірнеше ай алаңға шықпайды

Футболшының қалпына келуіне 3 ай қажет болуы мүмкін

AFP
AFP

«Бавария» шабуылшысы Харри Кейн сол жақ тобық буынындағы жарақатына байланысты бірнеше айға қатардан шықты. 33 жастағы футболшының жарақаты медициналық тексеруден кейін расталды.

Англиялық шабуылшы жарақатты 20 қарашада Германия чемпионатының 10-туры аясында «Кельнге» қарсы өткен матчта (1:1) алған. Кездесудің 20-минутында оның орнына жартылай қорғаушы Том Бишоф шықты.

«Жұма күні кешке «Кельнге» қарсы өз алаңымызда өткен матчта Харри Кейн сол жақ тобығының синдесмоз байламын жыртып алды. Бұл клуб дәрігерлері жүргізген медициналық тексеруден кейін расталды. Осыған байланысты 33 жастағы шабуылшы алдағы бірнеше айда командаға көмектесе алмайды», – деп хабарлады мюнхендік клуб.

Алдын ала болжам бойынша, ағылшын футболшысының толық қалпына келуіне шамамен үш ай қажет болуы мүмкін.

Осы маусымда Кейн «Бавария» сапында барлық турнирде 16 матч өткізіп, 10 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам