Асхат Тағыберген «Тобылмен» келісімшартын ұзартты

Биыл Тағыберген Қазақстан Премьер-лигасындағы 400-ші кездесуін өткізді

ФК “Тобыл”
ФК “Тобыл”

Қостанайдың «Тобыл» футбол клубы команда капитаны Асхат Тағыбергенмен келісімшарт мерзімін ұзартты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Тәжірибелі жартылай қорғаушы өткен маусымда команданың негізгі тіректерінің біріне айналды. Ол барлық турнирде 29 матч өткізіп, үш гол соқты және жеті нәтижелі пас берді.

Сондай-ақ биыл Тағыберген Қазақстан Премьер-лигасындағы 400-ші кездесуін өткізіп, отандық футболдағы айтулы межеге жетті.

«Тобыл» президенті Айдос Дүйсенбиев капитанның тәжірибесі мен көшбасшылық қасиеттерін жоғары бағалады.

«Мұндай футболшылар командаға қажет. Асхаттың тәжірибесі мол, көшбасшылық қасиеттері қалыптасқан әрі клубтың талаптарын жақсы біледі. Оның тәжірибесі мен кәсібилігі жаңа маусымда жоғары нәтижелерге қол жеткізуімізге көмектеседі деп сенеміз», – деді клуб президенті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам