Бұл – Майами клубының 2025 жылдың мамырынан бергі MLS-тегі алғашқы ірі жеңілісі
Лионель Месси мен Луис Суарес өнер көрсететін «Интер Майами» MLS плей-офф кезеңінің алғашқы кездесуінде «Коламбус Крюге» 0:3 есебімен есе жіберді.
Майамиде өткен матчтың 36-минутында алаң иелерінің қорғаушысы Гонсало Лухан қызыл қағаз алып, командасын бір ойыншыға кем қалдырды. Осыдан кейін қонақтар басымдықты өз қолына алып, үш гол соқты. «Коламбус Крю» сапында Гонсало Тапия дубль авторы атанса, Таха Хабрун да мергендігімен көзге түсті.
Құрамында Месси мен Суарес секілді әлемдік футбол жұлдыздары болған «Интер Майами» бұл жолы қарсыласына лайықты қарсылық көрсете алмады.
Бұл – Майами клубының 2025 жылдың мамырынан бергі MLS-тегі алғашқы ірі жеңілісі. Алдағы қарымта кездесу 28 қарашада өтеді. Егер «Интер Майами» тағы да жеңілсе, плей-оффпен қоштасады.
Еске салайық, тұрақты чемпионатта «Интер Майами» 60 ұпай жинап, Шығыс конференциясында екінші орын алған болатын. Ал «Коламбус Крю» 47 ұпаймен жетінші сатыға жайғасты.