«Реал» 33 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға жайғасты
«Реал Мадрид» Испания чемпионатының 13-туры аясында өз алаңында «Сельтаны» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша корольдік клуб ұлттық біріншіліктегі қатарынан алтыншы кездесуінде үш ұпайға қол жеткізді.
Матчтың алтыншы минутында қонақтар шабуылшысы Пабло Дюран есеп ашты. Бірінші таймның 39-минутында Килиан Мбаппе пенальтиден есепті теңестіруге мүмкіндік алды. Алайда француз футболшысы допты қақпадан жоғары бағыттады.
Екінші таймда алаң иелері таразы басын өз пайдасына аударды. 66-минутта Джуд Беллингем есепті теңестірсе, 85-минутта Карлос Эспи жеңіс голын соқты.
Бұл жеңістен кейін «Реал» 33 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға жайғасты. Мадридтіктер көш басындағы «Барселонадан» қосымша көрсеткіштер бойынша ғана қалып келеді. Ал 13 ұпайы бар «Сельта» 13-сатыға сырғыды.
Келесі турда, 28 қарашада, «Реал» өз алаңында «Алавесті» қабылдайды. Ал «Сельта» бір күннен кейін «Вильярреалмен» кездеседі.