«МЮ»-ден кетуге дайынмын – Бруну Фернандеш хейтерлерге жауап берді

«Манчестер Юнайтед» соңғы рет АПЛ-ды 2012/2013 жылғы маусымда жеңді

Getty Images
Getty Images

«Манчестер Юнайтедтің» капитаны Буруну Фернандеш өзінің командаластары айтқан сынға жауап беріп, клубтан кез келген уақытта кетуге дайын екенін жеткізді.

«МЮ»-дің өзге ойыншылары мен жанкүйерлері бұған дейін ұзақ уақыттан бері ешқандай трофей жеңе алмай келе жатқанын айтып наразылық білдірген еді.

«Соңғы рет клуб чемпионатты өте ертеректе жеңген. Ол кезде қазіргі құрамда жүрген ойыншылардың бірде-бірі жоқ еді. Мұнан кейін жұрт арасында «қазіргі ойыншылар чемпионатты жеңе алмайды» деген пікір қалыптасады. Бұл қалыпты құбылыс. Қорқудың қажеті жоқ. Маған клубтық деңгейде бәрін жеңген ойыншылармен бір командада ойнау бақыты бұйырған. Хуат Мата футболда бәрін жеңді. Давид де Хеа осы клубпен трофейлер алды. Поль Погба да, Неманья Матич те жеңіс тұғырына көп рет шыққан. Тіпті, Златан да бұл тізімде бар. Олар өзге жақта талай трофей алғанымен біздің клубты Премьер-лиганың шыңына қайта шығара алмады.

Мұнда өзге клубтармен талай трофей алған бапкерлер де жұмыс істеді. Алайда, олар да «МЮ»-ге АПЛ титулын әпере алмады. Сондықтан, ойыншыларға жанкүйерлер тарапынан қысым жылдан жылға күшейіп келеді. Әсіресе клубта ұзақ уақыттан бері ойнап келе жатқан ойыншылар басты назарда. Сәтсіздіктерге бізді кінәлайды. Мен клуб басшыларына айттым, егер «Юнайтедті» АПЛ шыңына көтере алатын ойыншылардың арасында болмаса клубтан кетуге дайынмын деп. Мен де Премьер-лиганы жеңгім келеді, Чемпиондар лигасын жеңгім келеді. Амбициямды жасырған емеспін. Ал бұл қолымнан келе ме? Білмеймін. Бірақ, ұмтылысымды жалғастыра беремін», - деді Бруно Фернандеш Sky Sports журналисіне берген сұхбатында.

Еске салайық, «Манчестер Юнайтед» соңғы рет АПЛ-ды 2012/2013 жылғы маусымда жеңді. Ал, биылғы маусымда 10 турдан кейін небәрі сегіз ұпай жинап, 19-орынға жайғасқан.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам