«Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының былтырғы маусымында топтық кезеңге дейін жетіп, өз алаңында мадридтік «Реалмен» кездескен болатын
«Қайрат» футбол клубының иесі Қайрат Боранбаев Мадридте «Реалдың» президенті Флорентино Переспен кездесіп, одан сыйлық алды.
Боранбаевтың айтуынша, былтыр Алматыға корольдік клуб келгенде Перестің жолы түспеген. Сондықтан бұл жолы ол «Қайрат» қожайынын өзі қонаққа шақырыпты.
Қайрат Боранбаев УЕФА-ның әлеуметтік және экологиялық тұрақтылық комитетінің екінші вице-төрағасы. Осы ұйымның жұмыстарымен ол бүгінде Испания астанасында жүр.
«Содан бір күннен кейін «Реал Мадрид» – «Сельта» матчында болдым. Президентпен футбол туралы әңгімелестік, ол маған KAIRAT 1 деп жазылған футболка сыйлады. Мұнда кім «бірінші нөмір» екенін білмеймін: мен бе, әлде «Қайрат» футбол клубы ма. Менің ойымша, екінші нұсқа. Бірақ футболканы өзіме қалдырамын», - деп жазды Боранбаев өзінің Instagram-парақшасында.
Еске салайық, «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының былтырғы маусымында топтық кезеңге дейін жетіп, өз алаңында мадридтік «Реалмен» кездескен болатын. Аталған матч 0:5 есебімен қонақтар пайдасына шешілді.