«Бавария» жұлдызы Джамал Мусиала жаттығу кезінде талып қалды

Бұған дейін ол екі рет матч үстінде есінен таңып қалған болатын

Getty Images
Getty Images

«Бавария» клубы мен Германия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Джамал Мусиала жаттығу кезінде тағы да есін жоғалтып алды.

Bild басылымының жазуынша, Мусиала биыл осымен үшінші рет есінен таңып қалған. Бұған дейінгі екі жағдай матч кезінде болған. Ол уақытта медперсонал футболшыға көмектесіп, артынша бапкері оны алмастырды.

Дәрігерлер 23 жастағы хавбекте емделмейтін неврологиялық дерт бар екенін анықтапты. Осыған байланысты клуб басшылары оны сату мәселесін қарастырып жатыр.

Мусиала «Бавария» сапына 2019 жылы қосылды. Содан бері ол алты рет Бундеслиганы жеңіп, бір рет Чемпиондар лигасында жеңімпаз болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам