«Челси» қазақстандық футболшыға жаңа клуб іздеуге кірісе ме?
Ол 2020 жылы бірінші әйелімен де ажырасқан болатын
Германияның Bild басылымы «Бавария» қақпашысы әрі команда капитаны Мануэль Нойердің әйелі Аника Биссельмен ажырасқаны туралы ақпарат таратты.
Дереккөздің жазуынша, 40 жастағы қақпашы 23-тегі терапевт қызға ғашық болып, көңілі ауған. Екеуінің байланысы нығая түссе керек, Нойер әйелімен ажырасуға өтінішті өзі жазыпты. Оны тіпті Аника Биссельдің жуырда ғана екінші сәбиін босанғаны тоқтатпаған.
Неміс БАҚ-тарының мәліметінше, Нойер жаңа махаббатымен бірнеше ай бұрын ғана танысқан екен. Журналистер екеуін Бразилияда демалып жүргенін көрген.
Әзірге қақпашының өзі жеке өміріне қатысты ақпаратты жариялаған жоқ.
Нойер мен Аника Биссель 2020 жылдан бері жақын араласса, 2023 жылы ресми түрде некесін қидырып, отбасын құрды. Екеуі үйленген кезде де Аниканың жасы 23-те болған.
Айта кету керек, Мануэль Нойер бірінші әйелі Нина Вайсспен 2020 жылы ажырасты.