Азия Чемпиондар лигасының ойынында төреші алаңға мас күйде шыққан

Telegram WhatsApp

Азия футбол конфедерациясы бұл жайтқа байланысты әлі ресми мәлімет таратқан жоқ

скрин YouTube
скрин YouTube

Азияның екінші деңгейлі Чемпиондар лигасының кезекті турында «Әл-Жазира» (БАӘ) мен «Гол Гохар Сирьян» (Иран) клубтары кездескен болатын. Матч бірінші таймның өзінде-ақ төреші дауына ұласып, екінші таймда алаңға өзге арбитр шықты. Бұл туралы Al Jazeera телеарнасы мәлімдеген.

Матчқа ресми түрде сириялық төреші Ханна Хаттаб бекітілген болатын. Алайда, ол бірінші таймда күдікті әрекеттерімен ойыншылардың наразылығын тудырды. Атап айтқанда, алаңның ортасында болған ереже бұзу фактісіне байланысты төреші «Әл-Жазираның» айдалада жүрген қақпашысына «сары қағаз» көрсеткен. Сөйлесу кезінде оның аузынан алкогольдің иісі шыққанын байқаған футболшылар дереу шағымданып, ақыры бірінші таймнан кейін алаңға резервтегі арбитр шықты.

Нәтижесінде матч 1:0 есебімен «Әл-Жазираның» жеңісімен аяқталды. Ойындағы жалғыз голды бразилиялық легионер Андерсон Талиска соқты.

Айта кету керек, Ханна Хаттаб 2015 жылдан бері халықаралық дәрежедегі арбитр саналады.

Азия футбол конфедерациясы бұл жайтқа байланысты әлі ресми мәлімет таратқан жоқ. Төрешіге қандай шара қолданатыны да әлі белгісіз.

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 30 022 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 58 983 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 358 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 316 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 532 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 582 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 287 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 173 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 300 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 838 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 502 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 341
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
12
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Бетис
12
6
Арсенал
11
7
Манчестер Сити
10
8
Боруссия (Дортмунд)
10
9
Астон Вилла
9
10
Ливерпуль
9
11
Брюгге
9
12
Спортинг (Лиссабон)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›