«Челси» қазақстандық футболшыға жаңа клуб іздеуге кірісе ме?
Гари Невилл Эрлинг Холандтың «Реалға» ауысуы мүмкін екенін айтты
«Манчестер Юнайтед» пен Англия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Гари Невилл «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд таяу уақытта «Реал Мадридтің» ойыншысы атанатынына сенім білдірді.
Оның пайымдауынша, бұл трансферді жүзеге асыру үшін «корольдік клуб» бразилиялық вингер Винисиус Жуниормен қоштасуы ықтимал.
— Эрлинг Холанд ең көп дегенде 18 айдан кейін «Реалға» барады деп ойлаймын, тіпті осы маусымның соңында да ауысуы мүмкін. Винисиус «Реалдан» кетіп, Килиан Мбаппе сол қапталға ойысса, ал Холанд орталық шабуылшы рөлін атқарса, бұл әбден мүмкін жағдай
26 жастағы норвегиялық сұрмерген «Манчестер Сити» сапында 2022 жылдың жазынан бері өнер көрсетіп келеді — ол ағылшын клубына дортмундтық «Боруссиядан» 60 миллион еуроға ауысқан еді.
2025 жылдың қаңтарында Холанд «қалалықтармен» 2034 жылдың жазына дейін есептелген рекордтық келісімшартқа қол қойды. Биылғы маусымда ол барлық турнирде 16 ойын өткізіп, 14 гол соқты.
Ал Винисиус Жуниор 2026 жылдың тамызында «Реалмен» арадағы келісімшартын 2032 жылдың 30 маусымына дейін ұзартқан болатын.