«Челси» қазақстандық футболшыға жаңа клуб іздеуге кірісе ме?
«Бешикташ» футболшылары қарсыластарымен қол алыспаған
Еуропа лигасының жалпы кезеңіндегі түркиялық «Бешикташ» пен израильдік «Хапоэль» (Беэр-Шева) арасындағы кездесудің бірінші таймында ойын уақытша тоқтатылды.
Грузияның Батуми қаласындағы бейтарап алаңда өткен ойын кезінде ыстанбұлдық клуб жанкүйерлері мен тәртіп сақшылары арасында қақтығыс туындады.
Бұл матчтың Ыстанбұлда өтпеуіне қауіпсіздік мәселесі себеп болған еді. УЕФА 30 қазанда Түркия билігі ойынды өз алаңында қабылдауға болмайтынын хабарлағанын мәлімдеді. Соған байланысты кездесу Батумиге ауыстырылды. Алайда «Бешикташ» ойын қарсаңында қолайсыз ауа райына байланысты сол қалаға тікелей қона алмай, чартерлік рейс Түркияның Ризе қаласына қонған, ал команда Грузияға автобуспен жетті.
Anadolu агенттігінің хабарлауынша, полиция Палестина туын ұстаған жанкүйерге қарсы бұрыш баллонын қолданған, сондай-ақ «Бешикташ» жанкүйерлері палестиналықтарды қолдайтын баннер жайған.
Трибунада тәртіпсіздік өршіп, әлеуметтік желіге тараған видеолардан жанкүйерлердің құқық қорғаушыларға орындық лақтырып, полицияның арнайы құралдар қолданғаны байқалады. Сонымен қатар Ynet басылымының жазуынша, ойын басталар алдында «Бешикташ» футболшылары қарсыластарымен қол алыспаған.
Жанжалдан кейін төрешілер командаларды киім ауыстыратын бөлмеге жіберді, біраз уақыт өткен соң кездесу қайта жалғасты.
Оқиғадан кейін «Бешикташ» X әлеуметтік желісінде грузин полициясы жанкүйерлерге «шамадан тыс күш» қолданды деп айыптады. Мұны қолдап, бірқатар түрік клубы, соның ішінде «Фенербахче» мен «Трабзонспор» «Бешикташқа» қолдау білдірген мәлімдеме таратты.