101 айыппұлдың бірде біреуін төлемеген «Астана» 221 миллион теңге қарызға батқан

Telegram WhatsApp

Осыған байланысты клуб көліктеріне шектеу қойылды

ФК "Астана"
ФК "Астана"

Қазақстан футболындағы ең атақты клубтардың бірі «Астана» тағы да қаржылық дауға ілікті. Клубтың берешегі 221 миллион теңгеден асып, көліктеріне тыйым салынған. Бұл туралы pk.adata.kz сервисінің мәліметтеріне сүйенген спорт журналисі Иван Резванцев «Дядя Ваня» Telegram-арнасында хабарлады.

Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізіміне «Астана» екі рет енгізілген. Клубтың жалпы қарызы 221 089 480 теңгені құрайды. Осыған байланысты оның көліктеріне тыйым салынып, тіркеу және нотариалдық әрекеттерді жүргізуге шектеу қойылған.

Екі атқарушылық іс бойынша да өндіріп алушы – «MTEX Management» ЖШС. Бұл компания елордадағы «Астана Арена», «Барыс Арена», «Алау» мұз сарайы және Barys Arena Pool спорт кешендерін басқарады.

Бұдан бөлек, «Астана» жеке мекемесінің атына бір жыл ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 101 әкімшілік айыппұл тіркелген. Олардың жалпы сомасы 668 213 теңге болғанымен, әзірге бірде-біреуі төленбеген.

Айта кетейік, «Астана» 2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының маусымын 54 ұпаймен үшінші орында аяқтады. Чемпиондық атақ «Ордабасыға» бұйырса, «Қайрат» күміс жүлдегер атанды.

Пікірлер

Материалда:

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 48 665 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 60 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 57 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 172 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 240 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 123 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 115 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 591 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 377 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 542 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 587 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 297
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›