«Ордабасы» бас бапкерін ресми таныстырды

Telegram WhatsApp

«Ордабасы» бельгиялық Карел Герартспен 2028 жылға дейін келісімшарт жасасты

ФК “Ордабасы”
ФК “Ордабасы”

Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы жаңа бас бапкерін ресми түрде таныстырды. Команданы бельгиялық маман Карел Герартс жаттықтырады. Тараптар 2028 жылдың соңына дейін келісімшарт жасасты.

44 жастағы маман футболшылық мансабында «Брюгге», «Стандард», «Локерен», «Лёвен» және «Шарлеруа» клубтарында өнер көрсеткен. Ол Бельгия чемпионы атанып, ел кубогы мен Суперкубогын жеңіп алған. Сонымен қатар Бельгия ұлттық құрамасы сапында 20 матч өткізіп, төрт гол соққан.

Бапкерлік мансабын 2019 жылы «Юнион Сент-Жиллуаз» клубында бастаған Герартс команда бас бапкерінің көмекшісі қызметін атқарды. Осы кезеңде клуб 48 жылдық үзілістен кейін Бельгияның жоғары дивизионына оралып, келесі маусымда ел чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.

2022 жылы бельгиялық маман «Юнионның» бас бапкері болып тағайындалды. Оның жетекшілігімен команда Бельгия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алып, ел кубогының жартылай финалына және Еуропа лигасының ширек финалына дейін жетті. Осы жетістіктері үшін Герартс Раймон Гуталс атындағы Бельгияның үздік бапкеріне берілетін сыйлыққа ие болды.

2023-2024 жылдары ол Германияның «Шальке 04» клубын жаттықтырды. Ал «Ордабасыға» дейін Францияның «Реймс» командасында жұмыс істеп, 2025/26 жылғы маусымда ел кубогының ширек финалына дейін барды.

Енді Карел Герартс Шымкент клубының тізгінін ұстап, «Ордабасыны» жаңа маусымға дайындайды.

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 58 314 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 166 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 147 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 760 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 270 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 151 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 140 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 629 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 401 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 552 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 592 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›