Ағылшын футболының алыбы Чемпионшипке түсіп қалуы мүмкін бе?
Карел Герартс «Ордабасының» алдағы маусымдағы басты мақсаттарын атады
Шымкенттік «Ордабасының» жаңа бас бапкері Карел Герартс алдағы маусымға арналған команданың міндеттерін жариялады. Бельгиялық маман клубтың ішкі турнирлерде барлық жүлдені жеңіп алып, Еуропа аренасында да табысты өнер көрсетуге ниетті екенін айтты.
44 жастағы маман клубтың амбициясы, даму стратегиясы мен жоғары нәтижеге ұмтылысын жаңа қызметке келісім беруіне түрткі болған негізгі себептер ретінде атады.
«Ордабасыға қосылғаныма өте қуаныштымын. Клубтың алдына қойған биік мақсаттары, даму бағыты мен жоғары нәтижеге қол жеткізуге деген ұмтылысы маған ұнады. Жұмысқа кірісетін күнді асыға күтіп жүрмін»
Сондай-ақ бельгиялық бапкер команданың алдағы маусымдағы нақты міндеттерін де атап өтті. Оның айтуынша, «Ордабасы» Қазақстан Суперкубогын, ел чемпионатын және Қазақстан кубогын жеңіп алуды көздейді. Бұған қоса, еурокубоктерде де сәтті өнер көрсетуге күш салмақ.
«Алдымызда үлкен міндеттер тұр. Қазақстан Суперкубогын, ел чемпионатын және Қазақстан кубогын жеңіп алып, Еуропада да табысты өнер көрсетуіміз керек. Осы мақсаттарға жету үшін бар күшімізді саламыз»
Айта кетейік, Карел Герартстың «Ордабасымен» келісімшарты 2028 жылдың соңына дейін жасалған. Ол бұған дейін бельгиялық «Юнион Сент-Жиллуаз», немістің «Шальке 04» және франциялық «Реймс» клубтарын жаттықтырған.