Ағылшын футболының алыбы Чемпионшипке түсіп қалуы мүмкін бе?
Лондондағы матч 2:2 есебімен аяқталды
Англия Премьер-лигасының 12-туры аясында «Арсеналмен» 2:2 есебімен тең түскен «Манчестер Сити» кездесудегі төрешілік шешімдерге қатысты ресми мәлімдеме жасады.
29 қарашада Лондондағы «Эмирейтс» стадионында өткен матчтан кейін манчестерлік клуб бірқатар төрешілік шешімдерге көңілі толмайтынын жеткізді.
Клубтың ресми сайтында жарияланған мәлімдемеге сәйкес, дүйсенбі күні «Манчестер Сити» Англия футболындағы төрешілікке жауапты Pro Ref ұйымына ресми хат жолдайды. Команда матчтағы даулы эпизодтар бойынша алаңдағы төрешілердің шешім қабылдау барысына және VAR жүйесінің қолданылуына толық түсініктеме талап етпек.
Сондай-ақ клуб жан-жақты жауап күтетінін және команда мен жанкүйерлердің мүддесін қорғауды жалғастыратынын мәлімдеді.
Айта кетейік, «Арсенал» мен «Манчестер Сити» арасындағы кездесудің бас төрешісі Джон Брукс болды. Лондондағы матч 2:2 есебімен аяқталды.