Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

«Бешикташ» Түркия Суперлигасы аутсайдерінен жеңіліп қалды

12.03.2024, 10:51

Стамбұлдық клуб осымен екінші ойын қатарынан ұпай жоғалтты

«Бешикташ» Түркия Суперлигасы аутсайдерінен жеңіліп қалды
Бешикташ ФК

Қазақстандық Бақтиер Зайнутдинов ойнайтын Стамбұлдың Бешикташы ел чемпионатының 29-турында сырт алаңда «Газиантеп» командасымен кездесіп, 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Алаң иелері сапынан Денис Дрогуш (9-минут) пен Деян Сореску (85 минут) көзге түссе, матчтың 90-минутында «Бешикташ» сапынан Дженк Тосун пенальтиден гол соға алмады.

Бақтиер Зайнутдиновты клубтың бас бапкері бұл жолы әдеттегідей қорғаушы амплуасында емес, жартылай қорғаушы позициясына шығарды. Десе де, ол командасына аса көп пайдасын тигізбесе керек, бірінші таймнан кейін алмастырылды.

Осылайша, «Бешикташ» қатарынан екінші рет жеңілді. 46 ұпай жинаған команда турнир кестесінің 4-сатысында келеді. «Газиантеп» болса 31 ұпаймен 15-орында тұр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам