Бұл оқиғаны қазақтардың көбі білмейді. Жаңа ЖБ Шоу!

Келесі әлем чемпионатына шығатын зор мүмкіндігіміз бар - Әділет Бәрменқұлов

16.03.2024, 19:16

Алда Қазақстан ұлттық құрамасының маңызды ойыны келе жатыр. ЕУРО жолында Грекияға қарсы ойнаймыз.

Осы маңызды матч алдында Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов БІРІНШІ БОЛ қонағы болды.

Подкаста елдегі стадион мәселесі, ҚПЛ-дегі легионерлер саны, Федерацияның атқарып жатқан жұмысы және алдағы жоспары талқыланды.

Қазір "Ақтөбе" сапында жарқырап жүрген қандасымыз Ыдырыс Омаев жақын арада Қазақстанның көк паспортын алып, Грекияға қарсы матчта ұлттық құрама сапында дебют жасауы мүмкін.

ҚФФ президенті гректерге қарсы ойыннан не күтетінін айтып, жанкүйерлерді ұлттық құраманы қолдауға шақырды.

Одан бөлек, Әділет Бәрменқұлов қазақ футболын сынайтын белгілі файтер Қуат Хамитке жауабын берді.

Қалған қызықты білгіңіз келсе, подкасты толық көріп шығыңыз.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды21
Ұнамайды1
Күлкілі5
Ашулану0
0 Пікір
Сіздің пікірікіз редакция тексеруінен өтеді
СоңғыТанымал
Әзірге жазылған пікір жоқ
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам