Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Грекия бапкері Қазақстаннан жеңіліп қалу қаупі бар екенін жасырмады

17.03.2024, 13:29

Ол өзінің қызметіне алаңдап отыр

Грекия бапкері Қазақстаннан жеңіліп қалу қаупі бар екенін жасырмады
Getty Images

Футболдан Грекия құрамасының бас бапкері Густаво Пойет Қазақстанмен ойын алдында командада белгісіздік пайда болғанын айтып қалды.

Оның аталған қызметтегі келісімшарты 31 наурызда аяқталады екен. Басшылық әрі қарай соза ма, жоқ па – оны әлі айтпаған. Яғни, алдағы Қазақстанмен болатын ойын нәтижесіне байланысты болуы мүмкін. Соның салдарынан команда ойыншыларының арасында да көңіл-күй онша жақсы емес сияқты.

«Менің жасыратын түгім жоқ, контракт 31 наурызда аяқталады. Бұл – түсініксіз жағдай. Мен үшін жаңалық емес, бірақ ойыншылар арасында белгісіздік атмосферасы туындап отыр. Олар келесі айда не болатынын білгісі келеді. Мен басшылық шешіміне түсіністікпен қараймын, біз сәуір айында бәрін шешеміз деп келіскенбіз. Бірақ, қазір ойыншыларға ауыр, біз жақсы қарым-қатынаста болдық, бірге жеңдік, бірге қуандық, уақыттың көп бөлігін бірге өткіздік. Олар осындай атмосфераға үйренгендіктен, ойыны да жақсы жүрді. Оларға қазір ең қорқыныштысы – Еуропа чемпионатына қатыса алмау. Иә, мұндай қауіптің аз да болса бар екені жасырын емес. Бұл футбол, мұнда бәрі болуы мүмкін. Сондықтан, қазір алдағы матчтан басқа футболшылардың ойында ешқандай проблема, сұрақ болмауы керек», - деді Пойет жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында.

Айта кетейік, Қазақстан мен Грекия 21 наурызда Ұлттар лигасының жартылай финалында кездеседі. Финалға шығап, жеңімпаз атанған құрама Еуропа чемпионатына жолдама алады.

Футболдан әлемнің ең қызықты чемпионаттарын, соның ішінде Испания, Италия, Германия және Франция біріншілігін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі.
http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам