Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Ауыз бекіткен футболшылар Грекияға қарсы ойында әлсіреп қалмай ма?

21.03.2024, 00:45

Ораза ұстағандар қатарында Бақтиер Зайнутдинов те бар

Ауыз бекіткен футболшылар Грекияға қарсы ойында әлсіреп қалмай ма?
Қазақстан футбол федерациясы

Енді бір тәуліктен кейін Қазақстан Афины қаласында Грекия құрамасына қарсы аса маңызды ойын өткізеді. Аталған матчқа Магомед Адиев шәкірттері екі апта дайындық жүргізген. Бүгін бас бапкер журналистерге баспасөз мәслихатын өткізіп, бірнеше сұраққа жауап берді.

Қазір қасиетті Рамазан айында ұлттық құрамада ауыз бекіткен футболшылар бар. Ұзақ уақыт аштықта жүру ойынға кері әсерін тигізбей ме деген сұраққа Магомед Адиев салқынқанды жауап берді.

«Біз Дубайдағы оқу-жаттығу жиыны кезінде ауыз ашатын уақытқа ыңғайлап жаттығу жасадық. Стадионға келгенде жеңіл тамақтанып, негізгі жұмысымызға кірісіп кеттік. Жігіттердің ауыз бекітуі ойын сапасына еш кері әсерін тигізбейді», - деді бас бапкер.

Дегенмен, Дубайдағы жиынға Бақтиер Зайнутдинов пен Абат Айымбетов қатысқан жоқ деп айтуға болады. Түркия Суперлигасында ойнайтын қос футболшы оқу-жаттығу жиындары аяқталар тұста ғана командаға келіп қосылған.

«Иә, Абат пен Баха бізге соңғы күні келді. Басқа ойыншылардың бәрімен өте жақсы жұмыс жүргізілді. Айымбетовпен сөйлестім. Енді Бахамен де сөйлесуім қажет. Бірақ, бұл – проблема емес, жүре шешетін мәселе», - деді Магомед Адиев Vesti.kz тілшісімен болған әңгіме барысында.

Еске салайық, Грекия – Қазақстан матчы Астана уақытымен 22 наурызға қараған түні сағат 00:45-те басталады.

Футболдан әлемнің ең қызықты чемпионаттарын, соның ішінде Испания, Италия, Германия және Франция біріншілігін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі.
http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам