Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Грекия құрамасының орталық қорғаушысы Қазақстанға қарсы ойнай алмайды – БАҚ

21.03.2024, 10:34

Матч Астана уақытымен 00:45-те басталады

Грекия құрамасының орталық қорғаушысы Қазақстанға қарсы ойнай алмайды – БАҚ
PAOKFC.GR

Грек БАҚ өкілдерінің жазуынша, Грекия ұлттық құрамасының орталық қорғаушысы Константинос Кулиеракис іш ауруына байланысты Қазақстанмен болатын матчқа қатыса алмайды.

Матч алдындағы соңғы жаттығуда ПАОК-тың 20 жастағы ойыншысы күрт ауырып, стадионан уақытынан бұрын кетіп қалған. Оның ауруына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Алайда, бас бапкер оны бүгінгі ойынға қатыстырмайды деп хабарлады тілшілер.

Осылайша, орталық қорғаушы позициясына Константинос Мавропанос пен Пантелис Хацидиакостың бірі шығуы ықтимал.

Еске салайық, Грекия – Қазақстан арасындағы матч 22-не қараған түні болады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам